06
April
2023
"Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары" аймақтық семинар
Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі"КММде Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 27.03.2023 жылғы №103-ші бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 6 сәуір күні "Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары" тақырыбында бастауыш сыныптар арасында аймақтық тәжірибелік семинар өтілді.
Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Салтанат Жарықбасова мен аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар мен психологиялық тренинг ке қатысты.
Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәннің мазмұны, бағалау және білім беру мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
-Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға,өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.






