17
April
2023
КӨКТЕМ АРУЫ-2023
КӨКТЕМ АРУЫ-2023
Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтетін жоспарлы «Жетістік үйірмеден бастау алады» тақырыбында үйірме жетекшілерінің онкүндік іс-жоспары аясында үйірме жетекшісі А.Қошқарованың ұйымдастыруымен "Көктем аруы-2023" атты байқауында мектеп оқушылары жақсы өнер көрсетті. Барлық қатысушыларға ынталандыру сияпаттарымен жүлделі орындар марапатталды.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.





