02
March
2023
ФИЗИКА - ӘЛЕМ КІЛТІ
ФИЗИКА - ӘЛЕМ КІЛТІ
Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің қарасты « Т.Қазақбаев жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 20 ақпан-2 наурыз аралығында "Физика-әлем кілті" тақырыбында физика пәнінен 7-11 сыныптар арасында онкүндік болып өтті.
Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, функционалдық сауаттылықтарын дамытып, алған білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатта "Қызықты Физика әлемі" қабырға газеттері шығарылып, оқуға құштар оқушы тақырыбында олимпиада, физика-біздің айналымында интеллектуалды танымдық ойын, "қызық екен" қызықты тәжірибелер сайысы, "Қазақстанға атом энергетикасы қажет пе? тақырыбындағы дебат, электр қыздырғыш құралдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар тақырыбында 8 сыныпта ашық сабақ өтіліп, құндылықтарды негізделген білім:Физика және көркем шығарма сайысы,"өнертапқыштық алғашқы қадам" инновациялық идеялар көрмесі ұйымдастырылды.Онкүндік қортындыланып оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.







