Мектеп тарихы » Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
февраль
2023

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Мыңбұлақ елді мекенінде (қазіргі Таңатар ауылы) 1954 жылы Тұрмыс бастауыш мектебі құрылып, онда Тұрдалиев Үсіп, Ахметов Тойшы, Қауымбаев Жүзтай, Рахманбердиев Әуесхан еңбек етті. 

1954 жылдан 1971 жылға дейін бастауыш мектебі болып тұрды.

1971 жылы Тұрмыс бастауыш мектебі Тұрмыс-2 сегіз жылдық мектебі болып құрылды. 

1971-1980 жылдар аралығында мектепке Оспанова Кенжегүл басшылық жасады. 

1980 жылы қыркүйек айында мектеп директоры болып Сүлейменов Нариман тағайындалды. 

1982 жылы Байзақов Ерқуат мектеп директоры болып қызмет атқарды. Байзақов Ерқуат- аудандық партия комитетіне жұмысқа ауысуына байланысты, 

1984 жылы мектепке   аудандық білім бөлімінің әдіскері Рысқұлбек Тоққожаев мектеп директоры болып тағайындалды. 

1991 жылы мектепте бала санының өсуіне байланысты, Тұрмыс-2 сегіз жылдық мектебі               Тұрмыс-2 орта мектебі болып құрылды. 

Ауыл тұрғындарының өтінішін қолдай отырып, Қазақстан Республикасы ономостикалық орталығы, 2000 жылдың сәуір айының 7 күні Қ. Р. Үкіметінің № 523 қаулысымен «Тұрмыс-2» орта мектебіне  Т. Қазақбаев есімін берілді. 

       1991 жылдан 2015 жылдың мамыр айына дейін Тұрлыбеков Өркен мектеп директоры болып қызмет атқарды. 

2000 -2001 оқу жылынан бастап мектеп компьютерленді. 2003 жылдың ақпан айынан бастап интернет жүйесіне қосылды.

2007жылы қазан  айында екі қабаттан тұратын жеке кәсіпкер Қазақбаева Гүлдананың  жеке қаржысына салынған198 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Мектепте18 сынып бөлмесі бар, 11 оқу кабинеті жұмыс істеді.

2015жылдың мамыр айында аудандық білім бөлімінің әдіскері Айтбеков Абзал директордың  міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2015 жылдың қазан айында директордың міндетін атқарушысы болып, оқу ісінің меңгеруші болып қызмет атқарған Қынатбеков Бақытжан тағайындалды. 

Мектепте жаңа оқу жылының басында, мектеп басшысының іскерлігінің арқасында шешімін таппай тұрған жұмыстар атқарылды.

2016 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін Ауельбекова  Айнұр  мектеп директоры болып тағайындалып, басқарды. 

2016 жылдың тамыз айынан бастап Бекбаева Эльвира Ділдабекқызы мектеп директоры болып тағайындалды. 

2018 жылдың ақпан айынан бастап Қынатбеков Бақытжан Әбілхайырұлы мектеп директоры болып тағайындалды. 

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Мыктыбекова Айнур Саменбековна тағайындалды. 

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив