ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ » Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
апрель
2023

ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
  «Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі» кмм-нің  10 - сынып оқушылары «Ғылым әлеміне саяхат» тақырыбында Түркістан қаласындағы «Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің» жаратылыстану факультетінің математика кафедрасының доктарлары және аға оқытушыларымен  кездесу  өтті. 
    Түркістан  облысы Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 07.04.2023 жылғы хатын орындау мақсатында «Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ нің «12 сәуір – Ғылым қызметкерлер күніне» арналған онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес мектептің бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Кратова Фируза мен  педагог - кәсіби бағдар беруші А.Әбдірова,физика пәнінің мұғалімі А.Сартбайқызының  ұйымдастыруымен «Ғылым әлеміне саяхат» тақырыбында Түркістан қаласында орналасқан «Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің» жаратылыстану кафедрасының бология,зоология,биотехнология пәнінің мұғалімдерімен және зертханалық лабороториясының мамандарымен  2023 жылдың 21 сәуір күні кездесу өткізілді.
     Кездесу барысында мектебіміздің 10 сынып оқушылары әр мамандық  жетекшілерімен сухбат жүргізіп,зертханалық жұмыстармен танысты. Университеттің мамандық  жетекшілері  өз саласы бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Солардың ішінде биотехнология лабороториясының меңгерушісі  лабораторияның материалдық базасымен  оқушыларды толық таныстырды. 
    Мақсаты: мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып,  10-сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөліп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру. 
   Бұл кездесу оқушыларға алдағы уақытта мамандық таңдауда көп көмек береді деген ойдамыз.










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив