«Математика әлемі» апталығы басталды
14-қараш аралығында мектепте 5-11сынып арасында Математика апталығы басталды. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық техналогияларды пайдалану арқылы өтті. Интеллектуаллы сайыстар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Бірлестік жетекшісі апталықтың жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні «Математика әлемі» деген апталықтың ашылуын өткізді. Апта бойы атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілді.
Білімділік: Оқушыларды ізденуге , алған білім қорларын пайдалана білуге баулу;
Тәрбиелік: тиянақтылыққа, жауапкершілікке, баулу, еңбек сүйгіштік, төзімділік , шыдамдылық қасиеттерін шыңдау;
Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білу, білім қорын молайту,өз мүмкіндігін пайдаланып шығармашылық бағытта жұмыс істеуге дағдыландыру, оқығанын білгенін,естігенін үйренгенін берік есте сақтауға дағдыландыру.
